Алматы облысында өрт сөндіруші қайтыс болды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы облысында өрт сөндіруші қайтыс болды
Фото: ТЖМ
1213

Алматы облысында қызметтік борышын атқару кезінде бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты. Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

«ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары