Қазақстан құрамасы футболдан ФИФА рейтингісінде көш басында

Бұл – 2023 жылы ұлттық құрамалар рейтингінде ең көп ұпай жинаған командалардың рейтингісі

Қазақстан құрамасы футболдан ФИФА рейтингісінде көш басында
Ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингі бойынша әлемде бесінші орынды иеленді, деп хабарлады turkystan.kz 

Әлемдегі бесінші және УЕФА аймағындағы екінші нәтиже Қазақстан +52,07 ұпай көрсетті. Нәтижесінде ұлттық құрама ФИФА рейтингінде 100-ші орынға тұрақтады.

Соңғы бір-екі жылда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, әлем назарын өзіне аудартқаны белгілі.