жұма, 18 сәуір, 2025

13 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

/
astanatv.kz
Синоптиктер Астана және еліміздің 13 облысына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

Астанада 22 желтоқсан күні қар жауып, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында – тұман, жолдарда көктайғақ, Ақмола облысында бұрқасын болады.

Жамбыл, Маңғыстау және Жетісу облыстарында жел күшейеді.

Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Павлодар облыстарында көктайғақ болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары