Елордада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған

Ер адам кінәсін мойындады.

Елордада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған
polisia.kz
974

Ұрлық осы жылдың тамыз айында жасалған, деп хабарлады turkystan.kz.

5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталған.
 

«Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен», – делінген polisia.kz сайтының хабарламасында.

Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болған. Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан.

«Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған», – делінген хабарламада.
 

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адам кінәсін мойындады.

 

Серіктес жаңалықтары