Ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді

Шеберлік сабақтарға Түркістан облысынан 109 мектептің, Жамбыл облысынан 33 мектептің география пәні мұғалімдері қатысты.

Ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді
Абай университетінің баспасөз қызметі
1021

Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын жоба аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары Түркістан және Жамбыл облысындағы ауылдық мектептерде «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізді.

Ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Түркістан облысынан 109 мектептің, Жамбыл облысынан 33 мектептің география пәні мұғалімдері қатысты.

Абай университетінің жас ғалымдары шеберлік сабақтарында географиялық білім беруде қолдануға болатын геоақпараттық технологиялар мен ресурстарды, картографиялық сервистер мен геопорталдарды және жерді қашықтан зерделеу материалдарын қолданудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, шеберлік сабақ барысында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарына арналған «Географиялық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен ресурстар» авторлық оқулығы таныстырылды.

Серіктес жаңалықтары