Антикор Туризм және спорт министрлігін тексереді

Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.

Антикор Туризм және спорт министрлігін тексереді
Ашфқ дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Талдау аясында туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалатын болады. 

"Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады", - делінген хабарламада. 

Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.

"Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады. Егер Сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз karipova.a@antikor.gov.kz.", - деп хабарлады ведомстводағылар.