Астанадан 50 мың текше метр қар шығарылды

Қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Астанадан 50 мың текше метр қар шығарылды
Астана әкімдігі

Елордада желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні 50 мың текше метр қар тазаланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, қар қалың жауған кезде елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні қаладан шамамен 50 мың текше метр қар немесе 3600-ден астам жүк көлігі шығарылды. Бүгінгі таңда Астанада қар күреуге 2400-ден астам жол қызметкері мен 1600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды», – делінген хабарлмада.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қиындықсыз жүруі үшін негізгі магистральдар тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.

Қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.