Бұрынғы сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұрынғы сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды
polisia.kz
788

Бұрынғы сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды, – деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы қала тұрғыны полицияға жүгінді. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік сипаттағы видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен. Күдікті қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады. Осы жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.
 

Серіктес жаңалықтары