Көкшетауда шенеуніктер 1 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған

Кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Көкшетауда шенеуніктер 1 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған
ашық дереккөз
923

Қала прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарыққа тиісінше талдау жүргізбей, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы стансаны сатып алу үшін 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын бөлгенін анықтады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды, ал кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары