18 жастағы такси жүргізушісі Қарағандыға баратын жолда жоғалып кетті

Patriot басылымының жазуынша, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігімен такси қызметімен айналысқан.

18 жастағы такси жүргізушісі Қарағандыға баратын жолда жоғалып кетті
Фото: ашық дереккөз

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Patriot басылымының жазуынша, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігімен такси қызметімен айналысқан.

Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысын тоқтатты.

Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 ​​телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.