Бүгін Астанада еліміздің бар шыршасы жағылды

Етегінің диаметрі 10 метрге жуықтайды

Бүгін Астанада еліміздің бар шыршасы жағылды
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Бүгін Астанада биіктігі 25 метрлік еліміздің бар шыршасы жағылды, деп жазады turkystan.kz.

Шырша ұзындығы 2 мың метрге тең "твинк лайт" жарық шамдарымен және ірілі-ұсақты қар тәріздес ойыншықтармен безендірілген. 900 шар ойыншық қолданылды. Етегінің диаметрі 10 метрге жуықтайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалалық бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында алдыңғы жылғы материалдар пайдаға жаратылған. Салтанатты рәсімге жылдағы дәстүрге сай, бірнеше мың бүлдіршін қатысты. Шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылды.