Көктайғақ, аяз, жел: синоптиктер ескерту жасады

16-21 желтоқсанда елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа райының күрт нашарлауы күтіледі

Көктайғақ, аяз, жел: синоптиктер ескерту жасады
Әлихан Сариев
3720

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпаратына сәйкес, 16-21 желтоқсан аралығында елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа райы күрт бұзылуы ықтимал. Бұл туралы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

Алдағы бірнеше күнде бірқатар аймақта қатты жауын жауып, температураның төмендеуі, көктайғақ болып, екпінді жел тұруы, осының салдарынан жолдың көрінуі қиындауы мүмкін.

Сонымен қатар 16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағынан өтіп, қалың қар жауып, екпінді жел тұрып, боран соғуы ықтимал.

18 желтоқсаннан бастап циклон елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне ауысып, күн күрт бұзылады.

Осыған байланысты, «ҚазАвтоЖол» бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылатын болады.

Кезекшілікке 500-ге жуық арнайы техника мен 700 жолшы жұмылдырылады.

Серіктес жаңалықтары