Желіде әр қазақстандыққа 100 мың теңге берілетіні туралы ақпарат тарады

Желіде тараған ақпарат жоққа шығарылды

Желіде әр қазақстандыққа 100 мың теңге берілетіні туралы ақпарат тарады
Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде шыққан жарнамада әрбір қазақстандыққа 100 мың теңге және одан артық мөлшерде "мемлекеттен көмек" берілетіні айтылған. Бұл ақпарат жалған, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама авторларының айтуынша, бұл өтемақылар бұрын төленген қаражатты қайтару болып табылады. 

"Әрбір қазақстандық өтемақы ала алатыны туралы тараған ақпаратқа сенбеген жөн. Мұндай төлемдер туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да жоқ. Мұндай жарнамаларда көбінесе сайтқа апаратын сілтемелер беріледі, онда пайдаланушыларға "ақшаны қайтаруға" өтініш қалдыру ұсынылады", - делінген хабарламада.

Өтінімді толтырған кезде жеке ақпарат пен өтемақыны аударатын банк картасының деректерін көрсету сұралады. 

"Бұл желіде алдау үшін қолданылатын бұрыннан белгілі ескі алаяқтық схема. Әр түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда, Ресейде және Беларусь елінде алаяқтар пайдаланушылардың ақшасын иемдену мақсатында "мемлекеттен төлемдер жасалады" деп бұған дейін де айтқан болатын", - деп түсіндірді редакция.