26 қаңтарда Қанат Исламның ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді

Бокс кеші Алматы қаласында өтеді.

26 қаңтарда Қанат Исламның ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді
sports.kz

2024 жылы 26 қаңтар күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында белгілі боксшы Қанат Исламның ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді.

Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

«Құрметті қазақ елі! 2024 жылы 26 қаңтар күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Руслан Мырсатаев бастаған қазақстандық былғары қолғап шеберлері халықаралық кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бұл Ұлы Жібек жолының он жылдығы аясында ұйымдастырылатын үлкен іс-шара болмақ.

Бокс әлеміне біздің ұжым -  Жәнібек Әлімханұлы, Айдос Ербосынұлы, Али Ахметов сияқты боксшыларды танытты. Осыдан кейін компания жиі бокс кештерін ұйымдастыруға бел буып отыр.

Еліміз бойынша әр облыста 10 мыңнан астам боксшы бокс секцияларына барады. Біздің мақсатымыз – халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастыра отырып, жастардың спортқа қызығушылығын тудыру және бокс кеші арқылы қазақ батырларын әлемдік кәсіпқой шаршы алаңына таныту. Менің мақсатым артымнан ерген жастарға қолымнан келгенше көмектескім келеді. Бұл - менің жұмысым, міндетім. Осы жарысты ұйымдастыруға демеуші болуға дайын азаматтар, компаниялар болса, бірге жұмыс істеуге дайынбыз»деп жазды ол.