Ерлан Көкеев өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әнші Ерлан Көкеевтің Түркияда адам қағып, қашып кеткені туралы жазған болатын.

Ерлан Көкеев өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді
instagram/@erlankokeev
2496

Танымал әнші, музыкант Ерлан Көкеев мас күйінде көлік жүргізіп, Түркияның Аланья қаласында адам қағып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаға қатысты әншінің өзі пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл жазда әнші отбасымен Аланья қаласында демалған. 

«Заң аясында ғана жауап беруге тиіс болғандықтан, әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Онымен айналысып жатқан заңгер бар. Ешқайда жасырынбадым, қашып кетпедім. Әлеуметтік желіні жүргізіп отырмын. Сондықтан бұл іске қатысты қандай да бір шешім шықса, халыққа бірден жариялауға тырысамын», – деді әнші.

Өзінің айтуынша, осы іске қатысты баспасөз конференциясын ұйымдастырмақ.

Серіктес жаңалықтары