Атырау облысында жүкті келіншек ауруханада қайтыс болды

Әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен.

Атырау облысында жүкті келіншек ауруханада қайтыс болды
Astanatv
3380

Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «жедел респираторлық ауру. Жедел фарингит» диагнозын қойған. Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жүктіліктің 36-аптасында болған. Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

 «Қазір аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары