«Қарызсыз қоғам»: Батыс Қазақстан облысында 9 мыңнан астам тұрғын оқуды аяқтады

«Қарызсыз қоғам» жобасы келер жылы да жалғасын таппақ.

«Қарызсыз қоғам»: Батыс Қазақстан облысында 9 мыңнан астам тұрғын оқуды аяқтады
1049

«АMANAT» партиясының Halyk Bank-пен бірлесіп жасаған «Қарызсыз қоғам» жобасы мамыр айынан басталып қараша айының соңына дейін жалғасты. Құрамында 100-ге жуық адам оқыған бірнеше топ бес күн бойы өз қаржысын тиімді пайдаланудың қыр-сырын меңгерді.

Батыс Қазақстан облысының барлық ауданында биыл қараша айының соңына дейін 9 403 тұрғын оқудан өтті.

«Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан облысымызға 9 оқытушы бекітілді.

Жоба қатысушылары қаржылық мәселенің қалай туындайтынын, несиелік қарыз санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және  мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.

Аталған жоба келер жылы да жалғасын таппақ. Облыс әкімдігі жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылып, арнайы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, келесі жылы іске асатын жоспарлар бекітілді.

Серіктес жаңалықтары