Ұлыбританияда түлкі асырау трендке айналып жатыр

Ел сарапшылары бұл үрдістен айтарлықтай қауіп байқап отыр.

Ұлыбританияда түлкі асырау трендке айналып жатыр
сурет: pethelpful.com / Tom Thai, via flickr, CC BY 2.0 License

Ұлыбританияда жаңа "үй жануарын" асырау трандке айналып жатыр. Бұл туралы dailymail.co.uk жазды.

Ел тұрғындары ит-мысықтың орнына фенек (кішкене түлкі немесе қалқанқұлақ түлкі деп те аталады) асырауды жиілеткен.

Дегенмен, ел сарапшылары бұл үрдістен айтарлықтай қауіп байқап отыр. Олардың ескертуінше, фенек шабуыл жасауға немесе тістеуге қабілетті жабайы жануар, оған қоса, фенектер түнде аса белсенді және ерекше өмір сүру жағдайларын қажет етеді екен.