ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Азаматтарды тауға шықпауға, сондай-ақ 112-қызметінің SMS-хабарламаларына салғырт қарамауына өтініледі.

ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жасады
NUR.KZ

"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД 12 желтоқсан күні түнде қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түсетінін ескертті.

Азаматтарды тауға шықпауға, сондай-ақ 112-қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауын өтініп сұраймыз! 

Автокөлік иелеріне көлігін ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға кеңес береміз.

Ең қауіпсіз орын тауып не болмаса арнайы тұраққа қойған дұрыс, - делінген хабарламада.