7 облыстың республикалық маңызы бар жолдарына шектеу қойылды

Шектеулер 46 жол учаскесіне енгізілді.

7 облыстың республикалық маңызы бар жолдарына шектеу қойылды
astanatv.kz
922

11 желтоқсан сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының нашарлауына (көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі) байланысты жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған жеңіл автомобильдер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді. 

Ақмола облысында 20 аумақта:

  • барлық бағыттар бойынша.

Қарағанды облысында 2 аумақта:

  1. «Екатеринбург – Алматы» 1292-1353 шақырым, Жібек жолы АЖБ – Қарағанды облысының шекарасы.
  2. «Екатеринбург – Алматы» 1353-1426 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Темиртау АЖБ.

Қостанай облысында 4 аумақта:

  1. «Жезқазган-Петропавловск» 340-377 шақырым, Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы.
  2. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 8-232 шақырым, Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы.
  3. «Екатеринбург-Алматы» 556-729 шақырым, Тобыл қаласы – СҚО облысының шекарасы.
  4. «Мамлютка-Қостанай» 180-404 шақырым, СҚО облысының шекарасы – Тобыл қаласы.

Маңғыстау облысында 4 аумақта:

  1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 338-705 шақырым, Бейнеу ауданы – Жетібай ауданы.
  2. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 705-786 шақырым, Жетібай ауданы – Ақтау қаласы.
  3. «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шек.» 0-58 шақырым, Жетібай ауданы – Жаңаөзен қаласы.
  4. «Ақтау-Құрық» 13-72 шақырым, Ақтау қаласы – Құрық ауданы (барлық автокөліктерге).
  5. Павлодар облысында 1 аумақта – «Астана-Ерейментау-Шідерті» 205-259 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауданы.

Солтүстік Қазақстан облысында 14 аумақта:

  1. «Екатеринбург-Алматы» 729-856 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы.
  2. «Челябинск-Новосибирск» 465-655 шақырым, РФ шекарасы – РФ шекарасы.
  3.  «Астана-Петропавловск» 341-473 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауданы.
  4. «Петропавловск-Соколовка-РФ шек» 11-72 шақырым, Петропавловск қаласының шекарасы – РФ шекарасы.
  5. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» 50-280 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – РФ шекарасы.  
  6. «Жезқазған-Петропавловск» 595-946 шақырым, Акмола облысының шекарасы – Бескөл ауданы.
  7. «Мамлютка-Қостанай» 0-180 шақырым, Мамлютка қаласының шекарасы – Қостанай облысының шекарасы.
  8.  «Көкшетау-Рузаевка» 61-196 шақырым, Акмола облысының шекарасы – Рузаевка ауданы.  
  9.  «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» 0-24 шақырым, Саумалкөл ауданы – Мемориалдық кешен.
  10. «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» 0-30 шақырым, Петерфельд ауданы – А-16 автожолы. 
  11.  «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 0-228 шақырым, Булаево қаласы – Рощинское ауданы.  
  12. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-86 шақырым, Рощинское ауданы – Волошинка ауданы.
  13.  «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 шақырым, Волошинка ауданы – Тимирязево ауданы. 
  14. «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шек.» 0-31 шақырым, Тимирязево ауданы. – облыс шекарасы.

Жетісу обылысында 1 аумақта – Үшарал-Достық а/ж 84-184 шақырым, Көктұма стансасы – Достық стансасы.

Ауа-райының жақсаруына байланысты соңғы сағатта жолдардың 4 учаскесінде (Ақтөбе облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 3) көлік қозғалысына шектеулер алынды.

Қазір республикалық маңызы бар жолдарға 76 техника мен 110 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 319 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.

Серіктес жаңалықтары