Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің берген сыйлықтарын көрсетті (ВИДЕО)

Ол үйіне келген қонақтарға мұражайды аралатып, марқұмның өмірде тұтынған заттарын көрсеткен.

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің берген сыйлықтарын көрсетті (ВИДЕО)
juldyz.kz
1911

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің көзі тірісінде берген сыйлықтарын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үйіне келген қонақтарға мұражайды аралатып, марқұмның өмірде тұтынған заттарын көрсетті.

«Мынау Зәкеңнің 40 жасқа келгенде сыйлаған әрі соңғы сыйлығы. Есімде, бір жігіт менен 8 сурет сұрап келген болатын. Мен «Не істейін деп жатыр? Не сыйламақшы?» деп сұрап едім, «Айтпа деп еді...» деп қипақтады. Қоймай сұрап алдым. Сөйтсем, Зәкең менің суреттерімді фарфор ыдыс-аяққа салғызғысы келіпті. Әлгі жігіт «Украинаға тапсырыс беріп жатыр, соған жібермекші» деді. Мен Мерейдің 40 күндік шілдесінен шыққан суретімізді, сосын Зәкеңнің 30 жасында түскен суретін қосып беріп жібердім. Сөйтсем, олар Зәкеңнің жас кезіндегі суреті мен менің суретімді қосып, ыдысқа түсіріпті. Зәкең 40 жас туған күнімде сыйлығын ашып бергенде, бірнші үлкен тәрелке шықты. Бетінде Зәкең екеуміздің суретіміз тұр. Шошып кетті. «Ойбай, мына суреттерді кім берген?» деп таңғалды. Сосын мен айттым, «Құпия түрде біліп алдым» деп күлдім. Сонда Зәкең «Әй, осы әйелдерді бар ғой... сендерден ештеңе жасыра алмайсың. Тосынсыйды құрттың» деп күлді. Адамның суреті салынған ыдыс-аяқты қолдануға болмайды екен ғой, сондықтан мен мұны мұражайға естелік, тарих ретінде қойып қойдым», – деді өнер иесі.

 

Серіктес жаңалықтары