Энергетика вице-министрі қызметінен босатылады

Ол электр энергетикасы, жылу электр стансалары, жаңартылатын энергия көздері салаларына жауапты болған.

Энергетика вице-министрі қызметінен босатылады
primeminister.kz
514

Жандос Нұрмағанбетов 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі желіде тарап жатқан вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы кикілжің туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Айта кетейік, ол бұған дейін электр энергетикасы, жылу электр стансалары, жаңартылатын энергия көздері салаларына жауапты болған.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП университеті» АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап 2021 жылға дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары