Жетісу облысында екі адам жол апатынан қаза тапты

Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жетісу облысында екі адам жол апатынан қаза тапты
instagram.com/zhetysu.police
881

Жетісу облысында бір түнде екі адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Панфилов ауданында "HILUX PICK UP" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі "Қоңыролен-Сарытөбе" автожолымен келе жатып, 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Ескелді ауданы Алдабергенов ауылында "MAZDA-626" дөңгелегінің астына 39 жастағы ер адам түсті. Екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады. Полиция тағы да азаматтарды автожолдарда қырағылық танытып, ұқыпты болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары