Елімізде қандай көлік түрлері жиі жалға беріледі?
Тоғыз айдағы жеңіл автокөліктерді жалға беру көлемі 69,8 млрд теңгеге жетті.
Көлікті жалға беру саласында көрсетілген қызметтердің көлемі өсіп келеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Көлік түрлері арасында жалға беру қызметтерінің ең көп көлемі жүк көлігіне тиесілі. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, жүк автомобильдерін жалға беру көлемі 73,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 47,7% артық», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Тоғыз айдағы жеңіл автокөліктерді жалға беру көлемі 69,8 млрд теңгеге жетті.
«2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғандағы өсім 11,2%. Бұдан кейін құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалға алу қызметі, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі қызмет көрсету көлемі 42,7 млрд теңге (22%), ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға алу – 2 млрд теңге (+69,5%)», – делінген хабарламада.