Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кеткен әйел табылмай жатыр

Бүгінде оның қайда екені беймәлім.

Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кеткен әйел табылмай жатыр
ашық дереккөз

Нұргүл Бектұрсынова 11 қараша күні Байкальская көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

 Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бүгінде оның қайда екені беймәлім.

Ерекшеліктері: көздері қоңыр, шашы қара. Аяғын сәл ақсап басады. Қара-қызыл түсті куртка, қоңыр спорттық костюм, қара бәтіңке киіп кеткен.

«Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат  болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды  сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), 8(777)3348201 (Светлана)», – делінген хабарламада.