814
6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
![6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2023/12/1701828914.webp)
6 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, қар аралас жаңбыр жауады. Бұл циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен орын алуы мүмкін.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады, екпіні – 30 м/с.