Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады

Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті.

Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады
ашық дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады. 

Әкімнің айтуынша, түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан Астана жолдары көктайғақ. Қазір коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуде. Олар түннен бастап жұмыс істеп жатыр.

"Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пункттердің жұмысы күшейтілді", - деп ескертті Астана әкімі.

Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті.