Медеу-Шымбұлақ жолы қашан ашылады?

Қалған күндері өткізу режимі бұрынғы кестеге сәйкес жұмыс істейді

Медеу-Шымбұлақ жолы қашан ашылады?
Ашық дереккөз

Медеу-Шымбұлақ жолының кіреберісі жексенбі күндері ашылады, деп хабарлады turkystan.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Биыл 1 желтоқсаннан бастап Медеу-Шымбұлақ жолында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылған жолмен автокөліктер мен жаяу туристердің кіруіне жексенбі күндері жол ашылады. Бұл күндері жұмыс жүргізілмейді, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төнбейді", - делінген хабарламада.

Қалған күндері өткізу режимі бұрынғы кестеге сәйкес жұмыс істейді: 09:00-ге дейін және 18.00-ден кейін электромобильдер мен такси жүргізушілеріне кіруге рұқсат. 13:00-ден 14:00-ге дейінгі кезеңде техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады.

"Ал жаяу жүргіншілерге жол бойымен жүруге қатаң тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер студенттік соқпақ арқылы жүре алады", - делінген хабарламада.