1189
«Менен рұқсат сұраған жоқ»: Әнші Меруерт Түсіпбаева Ayree-ге ренішін білдірді
Меруерт Түсіпбаева Ayree-ге ренжіп қалған
Әнші Меруерт Түсіпбаева "Ұйқым келмейді" бағдарламасында Ayree-ге ренішін білдірді, деп жазды turkystan.kz.
"Осы күнге дейін "Қимай сені барамын" әнін Мейрамбек Беспаев, Алтынай орындаған болатын. Олар бірауыз маған ескертіп, рұқсат сұраған болатын. Қазіргі эстрадаға аяқ басып жатқан жастар әнімді орындаса қуанамын. Бірақ соңғы орындаған Ayree деген әнші менен рұқсат сұраған жоқ. Соған өкпелеп қалдым. Продюсері де хабарласпады. Олардың шешімдері солай болған шығар. Негізінен, рұқсат сұрап, әншіге бірауыз ескертуі керек еді. Ол орындап шыққаннан кейін маған өте көп тыңдарманым жіберді. "Сіздің әніңіз еді", "Сіз керемет орындайсыз" деп айтты. Көрдіңіз бе, көрерменнің өзі қызғанып жатыр бұл әнді", - деді әнші.