Павлодарда заңсыз электр жабдықтарын сатқан шетел азаматы ұсталды

Кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқан 40 жастағы Новосібір қаласының тұрғыны ұсталды.

Павлодарда заңсыз электр жабдықтарын сатқан шетел азаматы ұсталды
Полиция басқармасының баспасөз қызметі
1250

Павлодарда заңсыз электр жабдықтарын сатқан шетелдік ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзған.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, облыс орталығында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін 40 жастағы Новосібір қаласының тұрғыны ұсталды.

Ол Қазақстанға қараша айында жеке сапармен келген. Шетелдік электр жабдықтарын  сатумен заңсыз айналысқаны анықталды. Заңсыз кәсіпкерден генератор мен шынжырлы ара табылды. 

«Ер адам заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Бұдан басқа, шетелдіктің жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес еместігін білдірген көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК  517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды»,– деді департаментте. 

Аталмыш материалдар сотта қаралды. Сот шешімімен заң бұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары