1135
ҰҚК шекараны бұзған 28 шет ел азаматын ұстады
Шекараны бұзған тағы 19 шет ел азаматының жолы кесілді.
Көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 820 (жылдың басынан – 30 823) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады. Соның ішінде:
- 28 шет ел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды (11 - Қырғызстан, 9 - Өзбекстан, 7 - Пәкістан, 1 - Ресей);
- 19 шет ел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді (6 - Өзбекстан, 4 - Ауғанстан, 4 - Йемен, 3 - Сирия, 1 - Тәжікстан,1 - Сьерра-Леоне).
Мемлекеттік шекара арқылы 858, соның ішінде:
- 51 – есірткі заттары;
- 17 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (3 дана ату қаруы, 91 дана оқ-дәрілер, 397 дана суық қару);
- 18 – діни әдебиет (260 дана);
- 360 – жалпы сомасы 26 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 400 литр);
- 343 – жалпы сомасы 858 млн теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 69 – жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Каспий акваториясында 26 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
- жалпы ұзындығы 17,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 147 дана (638 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
- 7 970 дана (11 543 кг) ұсақ тұқымдас балықтар.
Алды алынған залал сомасы 252 млн теңгені құрайды. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.