Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды

Велосипед жолының ені 3 метр, ал ұзындығы 400 метрге жуық.

Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды
Алматы әкімдігі
817

Жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Сондай-ақ Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды. Осылайша, Шевченко мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан велосипед жолақтары өзара байланысты.

Жалпы, биыл қала бойынша 3 шақырым вело инфрақұрылым жабдықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматының даму жоспары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жалғасатын болады

Серіктес жаңалықтары