Үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі қай өңірде тұратыны белгілі болды

Бойдақ ерлер саны әйелдерден 133 мыңға көп екені белгілі болды.

Үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі қай өңірде тұратыны белгілі болды
Фото: pixabay.com
1301

Елімізде отбасын құрмаған 2 миллионға жуық қазақстандық бар, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бойдақ ерлер саны әйелдерден 133 мыңға көп екені белгілі болды. Үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Онда 250 мыңнан астам бойдақ жігіт, 230 мыңға жуық басы бос қыз бар. Алматы облысында да басы бостар көп.

Ал Атырауда ел бойынша некеге тұрмағандар ең аз, 59 мың бойдақ бар. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыс құрмаған 45 мың әйел тұрады.

Еліміздің барлық аймақтарында бойдақ еркек басы бос әйелден көп болғанымен, Алматыда тұрмысқа шықпаған қыз көбірек. Онда 230 мыңға жуық күйеуге шықпаған қыз және 189 мың бойдақ жігіт тұрады.

 

Серіктес жаңалықтары