Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті
Константин Шелков

24 қарашада «Павлодар-Шарбақты» автожолының 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде  Volkswagen Golf көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», –деді департаментте. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.