Ақтөбеде 8-сынып оқушысы жоғалып кетті

Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы жоғалып кетті
polisia.kz
785

Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевич 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Белгілері: дене бітімі  арық, бойы 160-165 см, көздері көк.

Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.

Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

«Қандай да бір ақпарат білсеңіз, «102» немесе 8771-785-1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары