БҚО-да екі колледж студенті қамауға алынды

2007 және 2008 жылғы күдіктілер 500 мың теңге бопсалаған.

БҚО-да екі колледж студенті қамауға алынды
БҚО полиция департаменті
8574

Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдерді бопсалаған студенттер ұсталды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бөрлі ауданында жасөспірімді қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылғы екі колледж студенті қолға түсті.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын студенттер 500 мың теңге бопсалағаны үшін ұсталды. Олар екі жасөспірімді ақша беруге мәжбүрлеген.

«Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 194-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар адамдар тобы болып, алдын-ала сөз байласқан жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі кезде осыған ұқсас деректерді анықтау бағытында жұмыстар жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары