СҚО-да анасы мен өгей әкесі 7 жастағы қызды соққыға жыққан

Олар өз кінәсын мойындап отыр.

СҚО-да анасы мен өгей әкесі 7 жастағы қызды соққыға жыққан
ашық дереккөз
979

СҚО Полиция департаменті 7 жастағы қызын ұрып тастаған анасы мен өгей әкесіне қатысты іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

23 қараша күні сағат 17:00 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 2-сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағаны туралы хабарлама берген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қыз бала болса, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Кейіннен кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргені анықталды. Олар өз кінәсын мойындап отыр. Мұндай жағдайға олар баланың тіл алмауы себеп болды деп түсіндірді.

«Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәтижесінде түпкілікті процестік шешім қабылданады», - делінген СҚО Полиция департаменті хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары