1032
Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы сәбиін сатпақ болған
Ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған.
Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан.
Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған.
Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған.
Бұл факт «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.