1878
Қазақстандық ғалым радиация өткізбейтін материал ойлап тапты
Бұл жаңалық - атом станциясын қауіпсіздендіруде таптырмас дүние
Қазақстандық ғалым радиация өткізбейтін теңдесі жоқ материал ойлап тапты, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасының 2023 жылғы 26 қарашада жазуынша, ерекше материалды Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымы Анатолий Протопопов шығарған.
Әлемдік ірі корпорациялар бұл жаңалықты атом станциясын қауіпсіздендіруде таптырмас дүние деп бағалаған.
"Жеңіл композитті материал болғандықтан, космостық радиациядан қорғау мақсатында ғарыш кемелерін, болашақтағы Марс колониялардағы тұрғын-жайларға жабынды ретінде қолдануға болады", – делінген ведомство таратқан хабарламада.