Қарт қала - қазыналы тарих

Қарт қала - қазыналы тарих

Қарт қала - қазыналы тарих
ашық дереккөзі
  Биылғы оқу  жылы әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті үшін ерекше басталды.  Жаңашылдық пен жаңалыққа бастау алып, тек алға ұмтылуды қолдаған университет студенттері мен ұжымы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде еліміздің айтулы мерекелеріне орай ұйымдастырылып жатқан конференция, мерекелік шаралар, кездесулер мен жиындар өз деңгейінде орнын тауып жатады. Университетіміздің келешек маман дайындауда білім мен қатар атқарылып жатқан қоғамдық жұмыстардың мәні мен келешек жастарға берер тәрбиесі ерекше екенін айта кеткен жөн. Осы тұрғыда бүгінгі таңда университетімізде түрлі клубтар мен үйірмелер, қайырымдылық акцияларын өткізіп жүрген еріктілер қозғалысы, бірлестіктер, т.б. ғылым мен білімге, қайырымдылыққа, мейірімділікке баулитын шаралары көңілге жылулық ұялатады. Оқу үдерісі мен күнделікті атқарылып жатқан қоғамдық жұмыстардың барлығын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұның бәрі университетіміздің қоғамда белсенді, бәсекеге қабілетті маман даярлауды алдына мақсат етіп қойғандықтан деп білеміз. Солардың бірі филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері факультетінің жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клуб жетекшілері (проф. Мәдиева Г.Б., доц. Медетбекова П.Т.) мен мүшелерінің ұйымдастыруымен қазан айыныңда  өткен қалалық дөңгелек үстел жайында айтпай кету мүмкін емес. «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы қоғамдағы жарнама, қала атауы мен көше атаулары, ықшамаудандар, дүкен, т.б. көптеген ат, атауға қатысты мәселелерді қарастырады. Ат, атау беру ғылыми зерттеуде маңызды рөл алатыны белгілі, ал қоғамдағы, қолданбалы маңыздылығы одан да еселене түседі. Университет студенттерінің, клуб мүшелерінің қатысуымен үстіміздегі жылдың қазан айында «Алматыға 1000 жыл» атты қалалық дөңгелек үстел өтті. Іле Алатауының баурайында, еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан. Ежелгі сақ, үйсін т.б. ата-бабаларымыз мекендеген және Еліміздің ең үлкен қаласы, кешегі Қазақстанның астанасы – «Алматының 1 000 жылдығына» орай осы жылдың сәуір айында республикалық конференция өтіпкен. Ал бұл дөңгелек үстелдің де өзіндік ұсыныстары мен бағыты орын алып, өз деңгейінде, ерекшелігімен есте қалары анық. Баяндамашылар: Тарих, археология және этнология факультеті «мұражай ісі» мамандығының 2 курс студенттері («Алматы қаласындағы тарихи атаулар» атты баяндама жасаған – А. Зия мен Р. Советхан), география және табиғатты пайдалану факультеті «жерге орналастыру» мамандығының  3 курс (С. Қасымғалиев пен Д. Тоқтаров «Алматы қаласының географиялық сипаты» атты баяндама жасады) студенттерімен қатар филология және әлем тілдері факультеті «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс суденттері (А. Жақсылықтың «Жарнама тілі, ондағы қателіктер» баяндамасы), «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттерінің  баяндамаларынан басталды. Бұл жиынға қатысқан қонақтар: Алматы қалалық Тілдерді дамыту, құжаттарды мұрағаттау және сақтау департаментінің бас маманы Е. Байназаров, университеттің тәрбие ісі жөніндегі департаментінің бас маманы М. Ақан және факультет деканының оқу ісі және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Е. Қарбозов, география және табиғатты пайдалану факультетінің доценті, геогр.ғ.к. Ө.Ж. Сағымбайдың қатысуымен өтті. Жалпы бұл жиында Алматы қаласының атауы мен өзгертулері, географиялық орналасу аймағына және «Медеу», «Шыңбұлақ» сынды т.б. басқа атаулардың тарихына, тарихи көне жазбаларға қатысты әр факультет студенттерінің пікірлері мен сауалдарына жауап тауып, білмегенді біліп, білгенді бөлісіп жатты. Қатысушы қонақтар өз деңгейінде өткен клубтың бұл жұмысын жоғары бағалап, өз жылы лебіздерін білдіріп,  клуб мүшелеріне деген алғыстарын жаудырды. Филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Тәіәрберген Айтолдының домбырамен орындауында «Ерке сылқым» күйі және 1 курс магистранты Сайпенова Ақзердің  «Алматының алмасы» әні де мерекені мерекеге ұластырды.   Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессоры, филол.ғ.д., Г.Б. МӘДИЕВА; Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті, филол.ғ.к.,  П.Т. МЕДЕТБЕКОВА Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінің доценті, геогр.ғ.к. Ө.Ж. САҒЫМБАЙ