995
Депутаттар журналистерге пресс-карта беруге қатысты норманы алып тастауды ұсынды
Қазір Мәжілісте «Масс-медиа туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр.
Депутаттар «Масс-медиа туралы» жаңа заң жобасында пресс-картаға қатысты норманы алып тастауды ұсынып отыр, деп хабарлады turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында жұмыс тобының мүшесі, депутат Жұлдыз Сүлейменова айтты.
Қазір Мәжілісте «Масс-медиа туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Бүгін Алматыда «Медиа Құрылтай-2023» салалық конференциясы алаңында өткен Қоғамдық палатаның отырысында аталған жоба талқыланды.