Атыраулық ер адам әйелдің дауысын салып адамдарды алдаған

Күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды.

Атыраулық ер адам әйелдің дауысын салып адамдарды алдаған
list-name.ru
961

Атыраулық полицейлер алаяқтың дауысын өзгертіп, телефон арқылы қалай алдайтынын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

18 қараша күні Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Hi-Tech» іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 1996 жылы туған күдікіні ұстады.
 

«Күдікті 27 жастағы ер адам болса да әр түрлі үнге дауысын өзгертіп жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған», – делінген хабарламада.
 

Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды.

ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Серіктес жаңалықтары