Елорда әуежайында әуе рейстері неге жиі кешігеді?

Әуежай 2023-2024 жылдың күзгі-қысқы кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу үшін арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

Елорда әуежайында әуе рейстері неге жиі кешігеді?
Фото: 7kun.kz
1566

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қыста рейстердің жиі кешігуінің себебін түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі қыс мезгіліндегі рейстердің кешігуіне әуежайдың қатысы жоқ екенін мәлім етті.

«Рейстер қыста жиі кешігеді. Бірақ бұл әуежайдың қысқа дайындығы жоқ деген сөз емес. Көп жағдайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақ ұшып шықпауы немесе қонбауы мүмкін. Сонымен қатар бас қалада ауа райы жақсы болса да, ұшақтың баратын жерінде ауа райы нашар болған жағдайда да рейс кешіктірілуі мүмкін», - деді Руслан Пыштанов.

22 қарашада Астанадан Оралға ұшатын КС 7365А, КС7366А рейстері және осы жылдың 23 қарашасында Астанадан Петропавлға ұшатын IQ 437, IQ 438 рейстері межелі пункттегі ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды.

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, әуежай 2023-2024 жылдың күзгі-қысқы кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу үшін арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Әуеайлақ қызметі 34 дана қар тазалайтын машиналармен және тракторлармен, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған 111 дана арнайы техникамен жабдықталған.

Серіктес жаңалықтары