Алматыда үлкен ағаш құлап, жолды жауып қалды (ВИДЕО)

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.

Алматыда үлкен ағаш құлап, жолды жауып қалды (ВИДЕО)
скриншот

Бүгін Алматының Медеу ауданында ағаш жолға құлады. Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиғаның видеосын таратып жатыр. Кадрда алып ағаштың жеңіл көліктің үстіне құлағанын көруге болады.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.

Медеу ауданындағы Қалдаяқов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында ағаш құлағаны жайлы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына құтқару қызметі жіберілді. Ақпарат бойынша, ағаш көліктің үстіне құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Жол тазартылады, – деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.