Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Мейрамбек Таймерденов сот саласында 19 жылдан астам уақыт қызмет еткен.

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
sud.gov.kz
1062

Сенат депутаттары Президенттің ұсынысымен жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты. 

Сенаттың жалпы отырысында жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип Президенттің ұсынысын жариялады. Оған сәйкес, жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы - 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.

Таймерденов сот саласында 19 жылдан астам уақыт қызмет етті. Соның ішінде 4 жыл жоғарғы сот судьясы болды.

Сенаторлар Президенттің ұсынысын қолдап, Таймерденовті судья қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

Серіктес жаңалықтары