7 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамауда отыр.

7 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
ҚР Бас прокуратурасы
792

Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Латвия Республикасынан экстрадициялады.

2016 жылы күдікті бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан.

Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағынан ұсталды.

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамауда отыр. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Серіктес жаңалықтары