Джермалл Чарло Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Qazaq style: «Чарло, мені сені талдырамын!».

Джермалл Чарло Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Sports.kz

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) Showtime басылымына берген сұхбатында сол дивизиондағы WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (15-0) жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады Turkystan.kz.

25 қарашада Джермалл Чарло рингке қайта оралып, орта салмақта отандасы кіші Хосе Бенавидеспен (28-2-1, 19 КО)  қолғап түйістіреді. Айта кетейік, WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының жекпе-жек өткізбегеніне 2 жыл болды.

«Кімнің титулы бар, шаршы алаңға сонымен шыққым келеді. Орта салмақтағы ана бір жігіт бар еді ғой, Жәнібек деген... Осыдан кейін мен әрі қарай жүріп, «абсолют»  атанамын», – деді америкалық боксшы.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы үндеу жариялап: «Чарло менен қашып жүр, өйткені ол менің орта салмақтағы қорқынышты  құбыжық екенімді біледі. Егер жекпе-жек өтер болса,  мен оны нокаутқа түсіріп, WBC белбеуін одан тартып аламын», – деген болатын.

Жәнібек Әлімханұлының айтуынша, ол қазір өз шыңында. Дәл қазір ешбір боксшының Qazaq style-ге қарсы ешқандай мүмкіндігі жоқ.

Осы жолы Qazaq style: «Чарло, мені сені талдырамын!» – деп қысқа қайырды.