Астанада таңнан бері 40 жол апаты тіркелді

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына мұқият және сақ болуға шақырды.

Астанада таңнан бері 40 жол апаты тіркелді
egemen.kz/
556

22 қараша күні таңғы уақыттан бері 40 жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына мұқият және сақ болуға шақырады.

«Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтаңыз. Көлік құралдарының жүргізушілері шұғыл маневрлер мен тежеулерді жасаудан бас тартуы қажет, бұл қалыптасқан ауа райы жағдайында көлік құралын бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару кезінде гаджеттерді пайдаланбаңыз. Жолдарда жүру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау туралы қамданыңыз. Жол ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Күндізгі жарық азаяды-қауіп артады. Жаңбырлы ауа райында көріну шектеулі болатынын еске саламыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары