1812
Елордадан шығатын барлық жол жабылды
Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
Елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелді, деп хабарлады turkystan.kz «Қазавтожолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
«Сонымен қатар, ауа-райының нашарлауына байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлерінің аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
Жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын 26 күре жол жабық. Бұл республикалық маңызы бар жолдар желісінің 12%.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 230 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. 120 м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды.