Депутат "байдаларға" тыйым салуды ұсынды

"Ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі – браконьерлердің бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау үшін арнайы жасалған «байда» деп аталатын жүзу құралдарын пайдалануы" – дейді депутат.

Депутат "байдаларға" тыйым салуды ұсынды
сурет: rsgji
978

Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, браконьерлікпен күрес мәселесін көтерді.

Қазір браконьерлікпен күрес мәселесі ерекше өткір болып тұр, мысал ретінде, Каспий теңізіндегі браконьерлік фактілерін келтіруге болады. Өткен жылы қараша айында Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде, еліміздің Президенті: «Балық қорын сақтау үшін уәкілетті органдар браконьерлікке қарсы күресті күшейтуі тиіс», - деп атап өтті. Өкінішке орай қазіргі уақытта браконьерлер табиғатты қорғау инспекторларына қарағанда жақсы жабдықталған. Ұзақ уақыт бойы шешілмей кележатқан мәселелердің бірі  браконьерлердің бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау үшін арнайы жасалған «байда» деп аталатын жүзу құралдарын пайдалануы. Бұл байдалар қауіпсіздік техникасының талабы бойынша мүлдем жабдықталмаған. Сонымен қатар, байдалар су қоймаларында азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Браконьерлік байдалар басқа қайықтарымен соқтығысып адам өліміне әкелген. Облыстың құқық қорғау органдарында тіркелген мұндай жағдайлардың статистикасы шынымен қорқынышты: 7 адам қаза тапқан, оның үшеуі соқтығысу кезінде жарақаттар алған, ал төрт адам суға батып кеткен, оның ішінде 1 полиция қызметкері де бар, деді депутат.

Ол мәселені шешу үшін браконьерлер қолданатын байдаларға тыйым салу қажет екеніне тоқталды.

Тағы бір мәселе, ол браконьерлермен заңсыз балық аулау үшін тыйым салынған балық аулау құралдарын қолдануы. Экология министрлігінің деректері бойынша ағымдағы жылы судан 240 шақырымға жуық иесіз балық аулау торлары алынған. Мәселені шешу үшін аталған құралдарды тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға және жасауға жол бермеу қажет. Браконьерлікпен күресте, табиғатты қорғау мекемелерінің инспекторларын материалдық-техникалық жарақтандыруы маңызды саналады.  2023 жылға балық шаруашылығы инспекцияларын жарақтандыру үшін бар болғаны 1,9 млрд теңге бөлінді.  Ал балық инспекцияларын теңіз кемелері, қайық қозғалтқыштары және басқа да техникамен тиістілік нормаларына дейін толық жабдықтау үшін, қосымша 3 млрд теңге қажет.

Осы мәселелердің негізінде депутат мынадай ұсыныстар айтты:

Қазақстан Республикасына Байда үлгісіндегі қолдан құрастырылатын жүзу құралдарын әкелуге, тіркеуге және есепке қоюға тыйым салу, сондай-ақ Жайық-Каспий бассейннің қорық аймағы аумағында қуаты 40 ат күшінен асатын жеке тұлғалар үшін (уәкілетті органдарды қоспағанда) аспалы моторларды пайдалануға тыйым салу.

Пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдарын тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға және жасауға тыйым салу.

Табиғат қорғау мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауды тиістілік нормаларына дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдау.

 

Серіктес жаңалықтары